WhatsApp-та тәулік бойы сататын AI сатушы

AI сатушы — WhatsApp-та клиенттерге адам сияқты жауап беретін жасанды интеллект. Ол бағаңызды, шарттарыңызды біледі, сұрақтарға жауап беріп, өтінімді CRM-ге жазады, ал қажет кезде менеджер сөйлесуге қосыла алады.

Бағасы
99 990 ₸-ден
Мерзімі
7 күннен

Кімге керек

  • WhatsApp-қа күніне ондаған хабарлама келетін бизнес
  • Түнде не демалыста жауапсыз қалған клиенттерді жоғалтатындар
  • Менеджерлер бір сұраққа қайта-қайта жауап беретін компания
  • Жарнамадан келетін өтінімді тез өңдеу керек бизнес

Не кіреді

01

Жауап 24/7

Клиент түнгі сағат екіде жазса да, бірнеше секундта жауап алады.

02

Сіздің бизнесіңізді біледі

Баға, тариф, шарт, жиі сұрақтар — бәрін сіздің деректеріңізден үйренеді.

03

Қазақша және орысша

Клиент қай тілде жазса, сол тілде жауап береді.

04

Өтінім CRM-ге

Клиенттің аты, нөмірі, қажеттілігі автоматты түрде базаға түседі.

05

Менеджер кез келген сәтте қосылады

Күрделі сұрақ болса, сөйлесуді адам жалғастырады.

06

Есеп

Қанша хабарлама келді, қаншасы өтінімге айналды — бәрі көрінеді.

Неге Ainhouse

Клиент жауапты 5 минуттан артық күтсе, бәсекелеске кетеді. AI сатушы бірінші жауапты бірден береді, клиентті ұстап қалады және менеджерге дайын өтінім тапсырады.

Біз AI-ды сіздің сату сценарийіңізге қарай баптаймыз және оның жауаптарын тексереміз: ол білмейтін нәрсені ойдан шығармай, менеджерге жібереді.

Жасаған жұмыстарымыз

Барлық жұмыстар

WhatsApp-тағы AI сатушы

FOXidrinks AI-агенті

WhatsApp CRM және рассылка

JJT CRM

FOXidrinks AI-агенті

WhatsApp-тағы AI сатушы

FOXidrinks AI-агенті

FOXidrinks франшизасына арналған WhatsApp сатушы және CRM. Адам Instagram жарнамасын басып WhatsApp-қа жазады, AI оны сату сценарийі бойынша алып жүреді: қала, баға, қаржы мен мерзім, видео, тәжірибе, презентация, қоңырау. Әр лид канбанда өз бағанына өзі түседі, менеджер тек дайын тұрғандарға қоңырау шалады.

  • AI WhatsApp-та клиент тілінде жауап береді, дауыстық хабарды да түсінеді
  • Презентация, мәзір, халал сертификаты мен видеоларды өзі жібереді
  • Лидтерді канбанға бөліп, менеджерге қысқа қорытынды жазады
  • «Кімге бірінші қоңырау шалу керек» — ыстық/суық белгісі
  • Менеджерге Telegram-да карточка, еске салу және күнделікті дайджест
  • Үнсіз қалғандарға еске салу, воронка кезеңдері бойынша рассылка
  • Жарнама есебі: қай креатив лид әкелді, шығын теңгемен

LaravelLivewireOpenAIWhatsApp Cloud APIMeta Marketing APITelegram Bot API

WhatsApp

Демодағы адамдар мен деректердің бәрі ойдан алынған.

JJT CRM

WhatsApp CRM және рассылка

JJT CRM

JJT жастар қауымдастығының қабылдау жүйесі. WhatsApp-қа келген әр хабарлама CRM-ге түседі: бот кіріспе сұрақтарды қояды, OpenAI әр жауапты тексереді, сосын лид келесі менеджерге беріледі. Әкімші воронканы, Meta бекіткен шаблондармен жаппай рассылканы және аналитиканы бір жерден басқарады.

  • WhatsApp Cloud API: чат, 24 сағаттық терезе, жеткізілу белгілері
  • Скрининг-бот: AI жауапты тексереді, тақырыптан тыс сұрақты менеджерге бағыттайды
  • Лидтер менеджерлерге кезекпен бөлінеді, әркім тек өз лидтерін көреді
  • Воронка: 11 кезең, сүйреп жылжыту, кезеңдер тарихы
  • Рассылка: Meta шаблондары, әр хабарда адамның аты, кідіріспен жіберу, қателер есебі
  • Төлем туралы автоматты еске салу: 1, 3 және 7-күні
  • Аналитика: воронка, ең көп адам түсіп қалатын кезең, менеджерлердің жауап жылдамдығы

LaravelLivewireWhatsApp Cloud APIOpenAITelegram Bot API

WhatsApp

Демодағы адамдар мен деректердің бәрі ойдан алынған.

Қалай жасаймыз

  1. 01

    Танысу

    15 минуттық қоңырау не WhatsApp-та хат алмасу. Бизнесіңізді, клиентіңізді және мақсатыңызды түсінеміз.

  2. 02

    Құрылым және дизайн

    Беттің құрылымы мен мәтінін жазамыз, дизайнды сізбен бірге бекітеміз.

  3. 03

    Әзірлеу

    Сайт пен жүйені жасаймыз. Әр кезеңде жұмыс нұсқасын көрсетеміз.

  4. 04

    Іске қосу

    Домен, SSL, аналитика, WhatsApp пен CRM байланысы — бәрін өзіміз қосамыз.

  5. 05

    Қолдау

    Серверді тәулік бойы бақылаймыз: сайтта ақау болса, ол туралы бірінші біз білеміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

99 990 ₸-ден басталады. Баға білім базасының көлеміне және CRM, төлем интеграцияларына байланысты.

AI тек сіздің деректеріңізбен жұмыс істейді. Білмейтін сұрақ болса, ойдан шығармай, менеджерге жібереді. Іске қоспас бұрын жауаптарды бірге тексереміз.

Иә, қазақша және орысша түсініп, клиент жазған тілде жауап береді.

Әдетте 7 күннен бастап: деректерді жинау, баптау, тестілеу және іске қосу.

Бағасы мен мерзімін нақтылайық

Не керек екенін қысқаша жазыңыз. Қай шешім тиімді, қанша тұрады және қанша уақытта дайын болады — бәрін айтып береміз.

WhatsApp-қа жазу

не форманы толтырыңыз

Алматы, Қазақстан

Нөміріңізді тек сізбен байланысу үшін қолданамыз.