Компанияңызға корпоративтік сайт жасаймыз

Корпоративтік сайт — компанияның интернеттегі басты үйі: қызметтер, жобалар, команда және байланыс бір жерде. Сайтты өзіңіз басқаратын админкамен және іздеу жүйелеріне дайын күйде тапсырамыз.

Бағасы
450 000 ₸-ден
Мерзімі
14 күннен

Кімге керек

  • Клиенттер мен серіктестердің сеніміне ие болғысы келетін компания
  • Бірнеше қызметі не бағыты бар бизнес
  • Тендерге, мемлекеттік не ірі тапсырыс берушілерге шығатын ұйым
  • Ескірген, телефонда ашылмайтын сайтын жаңартқысы келетіндер

Не кіреді

01

5–15 бет

Басты бет, қызметтер, жобалар, компания туралы, жаңалықтар, байланыс.

02

Админка

Мәтін, сурет, жаңалық пен жобаларды бағдарламашысыз өзіңіз өзгертесіз.

03

Базалық SEO

Әр бетке title мен description, sitemap, robots.txt, құрылымдалған деректер.

04

Екі тіл

Қазақша және орысша нұсқа, қажет болса ағылшынша.

05

Өтінімдер CRM-ге

Сайттан келген әр сұрау базада сақталады, менеджерге Telegram арқылы хабар келеді.

06

Қолдау

Домен, SSL, хостинг, серверді тәулік бойы бақылау — бәрін өзіміз реттейміз.

Неге Ainhouse

Клиент сізді таныс арқылы естісе де, алдымен сайтыңызды ашып көреді. Корпоративтік сайт — сенім: не істейтініңіз, кіммен жұмыс істегеніңіз және сізбен қалай байланысуға болатыны анық көрінуі керек.

Біз сайтты тек әдемі етіп қоймай, жұмыс құралы етеміз: жылдам жүктеледі, телефонда ыңғайлы, Google мен Яндексте табылады, ал өтінімдер CRM-ге түседі.

Жасаған жұмыстарымыз

Барлық жұмыстар

Жұмыс пен талант платформасы

Horda

horda.kz

Қалай жасаймыз

  1. 01

    Танысу

    15 минуттық қоңырау не WhatsApp. Бизнесіңізді, клиентіңізді, мақсатыңызды түсінеміз.

  2. 02

    Құрылым және дизайн

    Беттің құрылымы мен мәтінін жазамыз, дизайнды сізбен бірге бекітеміз.

  3. 03

    Әзірлеу

    Сайт пен жүйені жасаймыз. Әр кезеңде жұмыс нұсқасын көрсетеміз.

  4. 04

    Іске қосу

    Домен, SSL, аналитика, WhatsApp пен CRM байланысы — бәрін өзіміз қосамыз.

  5. 05

    Қолдау

    Сайт тоқтап қалса, бірінші біз білеміз: серверді тәулік бойы бақылаймыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

450 000 ₸-ден басталады. Баға беттер санына, дизайнның күрделілігіне және интеграцияларға (CRM, 1С, төлем) байланысты.

Әдетте 14 күннен бастап. Әр кезеңде жұмыс нұсқасын көрсетіп, сізбен бірге бекітеміз.

Иә. Админка арқылы мәтін, сурет, жаңалық пен жобаларды бағдарламашысыз өзгертесіз.

Иә. Қазіргі мазмұнды көшіріп, іздеудегі позицияны жоғалтпау үшін ескі сілтемелерден жаңасына бағыттау (301 redirect) жасаймыз.

Бағасы мен мерзімін нақтылайық

Не керек екенін қысқаша жазыңыз. Қай шешім тиімді, қанша тұрады және қанша уақыт кетеді — соны айтамыз.

Алматы, Қазақстан

Нөміріңізді тек сізбен байланысу үшін қолданамыз.