Франшиза сайты
Өтінім әкелетін лендинг жасаймыз
Лендинг — бір өнімге не қызметке арналған, клиентті өтінім қалдыруға жетелейтін бір беттік сайт. Біз оны жеке дизайнмен, екі тілде жасап, өтінімдерді бірден WhatsApp пен CRM-ге қосамыз.
- Бағасы
- 250 000 ₸-ден
- Мерзімі
- 7 күннен
Кімге керек
- Жарнамаға (Instagram, Meta, Google) шығатын жаңа өнім не қызмет
- Курс, іс-шара, акция не бір тауарды сату
- Тез іске қосып, сұранысты тексеру керек бизнес
- Қазір тек Instagram-мен жұмыс істейтін кәсіпкер
Не кіреді
01
Жеке дизайн
Шаблон емес: брендіңізге, клиентіңізге сай құрылым мен дизайн.
02
Сататын мәтін
Клиенттің сұрақтарына жауап беретін, әрекетке жетелейтін мәтін жазамыз.
03
Қазақша және орысша
Екі тілдегі нұсқа, әрқайсысы іздеу жүйесінде бөлек индекстеледі.
04
Өтінім WhatsApp пен CRM-ге
Форма мен WhatsApp батырмасы. Әр өтінім жоғалмай, бірден менеджерге түседі.
05
Телефонға бейімделген
Клиенттердің көбі телефоннан кіреді — мобильді нұсқа бірінші орында.
06
Аналитика
Яндекс.Метрика мен Meta Pixel: қай жарнама өтінім әкелгені көрінеді.
Неге Ainhouse
Лендингтің міндеті — келушіні клиентке айналдыру. Сондықтан біз алдымен сіздің клиентіңізді, оның күмәнін және сізді таңдау себебін түсінеміз, содан кейін ғана дизайнға көшеміз.
Сайт жылдам жүктеледі (бұл жарнама бағасына да әсер етеді), Google мен Яндекске дайын: meta-тегтер, құрылымдалған деректер, sitemap. Іске қосқаннан кейін серверді тәулік бойы бақылаймыз.
Жасаған жұмыстарымыз
Барлық жұмыстарҚалай жасаймыз
-
01
Танысу
15 минуттық қоңырау не WhatsApp. Бизнесіңізді, клиентіңізді, мақсатыңызды түсінеміз.
-
02
Құрылым және дизайн
Беттің құрылымы мен мәтінін жазамыз, дизайнды сізбен бірге бекітеміз.
-
03
Әзірлеу
Сайт пен жүйені жасаймыз. Әр кезеңде жұмыс нұсқасын көрсетеміз.
-
04
Іске қосу
Домен, SSL, аналитика, WhatsApp пен CRM байланысы — бәрін өзіміз қосамыз.
-
05
Қолдау
Сайт тоқтап қалса, бірінші біз білеміз: серверді тәулік бойы бақылаймыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Лендинг 250 000 ₸-ден басталады. Нақты баға бөлімдер санына, мәтін мен суреттің кімнен болатынына және қосымша интеграцияларға байланысты. Кеңес тегін.
Әдетте 7 күннен бастап. Мәтін мен материалдар дайын болса, тезірек бітеді.
Лендинг бір өнімге арналған бір бет, мақсаты — өтінім. Корпоративтік сайтта бірнеше бет болады: қызметтер, жобалар, компания туралы, жаңалықтар.
Иә. Мәтін, баға, суреттерді өзгертуге көмектесеміз, қажет болса лендингті толық сайтқа дейін кеңейтеміз.
Бағасы мен мерзімін нақтылайық
Не керек екенін қысқаша жазыңыз. Қай шешім тиімді, қанша тұрады және қанша уақыт кетеді — соны айтамыз.
Өтінім жіберілді
Жақын арада хабарласамыз. Асығыс болса — WhatsApp-қа жазыңыз.