Франшиза сайты
Бизнесіңізге арнап CRM және ERP жасаймыз
CRM/ERP — сатылым, клиенттер, қаржы мен тапсырмалар бір жүйеде тұратын бағдарлама. Дайын шаблонға бизнесті бейімдемейміз: жүйені сіздің процестеріңізге қарай жасаймыз.
- Бағасы
- 1 200 000 ₸-ден
- Мерзімі
- 30 күннен
Кімге керек
- Өтінімдер Excel мен WhatsApp-та жоғалып жатқан бизнес
- Менеджер, бөлім, филиал саны өсіп келе жатқан компания
- Дайын CRM (amoCRM, Bitrix24) процестеріне сай келмейтіндер
- Қаржы мен сатылымды бір жерден көргісі келетін басшы
Не кіреді
01
Сатылым және клиент базасы
Әр клиенттің тарихы: кім жазды, не сұрады, кім жауап берді, қай кезеңде тұр.
02
Қызметкер рөлдері
Әр қызметкер тек өзіне керекті көреді; басшы бәрін көреді.
03
Тапсырмалар мен хабарламалар
Мерзімі бар тапсырмалар, Telegram арқылы еске салу.
04
Telegram бот және Mini App
Жүйені телефоннан, Telegram ішінен пайдалану.
05
Есептер мен аналитика
Сатылым, жарнама, қаржы — бір есепте, нақты уақытта.
06
Интеграциялар
Сайт, WhatsApp, Kaspi, 1С, Meta жарнамасы — бәрі бір жүйеге қосылады.
Неге Ainhouse
Біздің өз сайтымыздың өтінімдері де осындай ERP-ге түседі — жүйені күнделікті өзіміз қолданамыз. Сондықтан бизнестің нақты мәселесін білеміз: клиент жоғалмауы, менеджер ұмытпауы, басшы сандарды көруі керек.
Жүйені кезең-кезеңімен енгіземіз: алдымен ең маңызды процесс (көбіне сатылым), содан кейін қаржы, қойма, есептер. Қызметкерлерді үйретеміз және іске қосқаннан кейін де қолдаймыз.
Жасаған жұмыстарымыз
Барлық жұмыстарҚалай жасаймыз
-
01
Танысу
15 минуттық қоңырау не WhatsApp. Бизнесіңізді, клиентіңізді, мақсатыңызды түсінеміз.
-
02
Құрылым және дизайн
Беттің құрылымы мен мәтінін жазамыз, дизайнды сізбен бірге бекітеміз.
-
03
Әзірлеу
Сайт пен жүйені жасаймыз. Әр кезеңде жұмыс нұсқасын көрсетеміз.
-
04
Іске қосу
Домен, SSL, аналитика, WhatsApp пен CRM байланысы — бәрін өзіміз қосамыз.
-
05
Қолдау
Сайт тоқтап қалса, бірінші біз білеміз: серверді тәулік бойы бақылаймыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
1 200 000 ₸-ден басталады. Баға модульдер санына, рөлдерге және интеграцияларға байланысты. Алдымен процестеріңізді талдап, нақты смета береміз.
Жеке жүйе сіздің процесіңізге дәл келеді, айлық лицензия төлемейсіз, ал код пен деректер сізде қалады.
Алғашқы жұмыс нұсқасы әдетте 30 күннен бастап. Кейін модульдерді кезең-кезеңімен қосамыз.
Иә. Excel, Google Sheets не басқа CRM-дегі клиент базасын жаңа жүйеге көшіреміз.
Бағасы мен мерзімін нақтылайық
Не керек екенін қысқаша жазыңыз. Қай шешім тиімді, қанша тұрады және қанша уақыт кетеді — соны айтамыз.
Өтінім жіберілді
Жақын арада хабарласамыз. Асығыс болса — WhatsApp-қа жазыңыз.