23 сайтымыз дәл қазір онлайн

Бизнесіңізге сататын сайт жасаймыз

Сайт, CRM, WhatsApp-тағы AI сатушы және Telegram бот — бәрін бір команда жасап, бір жүйеге біріктіреді. Ешбір клиент жоғалмайды: әрқайсысы бірден сізге жетеді.

сайтымыз қазір онлайн
23
компания бізбен жұмыс істеді
13+
жоба портфолиода
11
серверді бақылаймыз
24/7

Бізге сенетін компаниялар

Мемлекеттік институттан франшизаға дейін — әрқайсысына өз сайтын, жүйесін не ботын жасап бердік.

Жұмыстарымыз

Сайттарымыз қазір жұмыс істеп тұр — ашып көріңіз. Ал CRM, боттар мен интеграциялардың қалай жұмыс істейтінін демодан көресіз.

Франшиза сайты

Foxidrinks

Бабл-ти мен балмұздақ франшизасына өтінім жинайтын екі тілді лендинг: форматтар, табыс моделі, іске қосу жолы.

HR және рекрутинг жүйесі

Bugin Holding HR

Тимлидтің заявкасынан директордың растауы мен HR тағайындауға дейін, сосын үміткерлер канбаны — жалдағанға дейін. Telegram арқылы басқару.

Жұмыс пен талант платформасы

Horda

Талант тесті, AI арқылы вакансиямен сәйкестік, WhatsApp арқылы бір минутта тіркелу, компаниялар кабинеті.

WhatsApp-тағы AI сатушы

FOXidrinks AI-агенті

Instagram жарнамасынан WhatsApp-қа жазған адамға AI қазақша не орысша жауап береді, презентация жібереді, ал лидті канбанға өзі орналастырады.

Корпоративтік сайт

Bugin Holding

IT-холдингтің сайты: тарих, құндылықтар, жобалар, вакансиялар мен БАҚ бөлімі.

ERP және Telegram бот

Sheber ERP

Сатылым, жалақы, қаржы мен маркетинг бір жүйеде. Тауар мен төлем түрін таңдағанда таза сома мен жалақы бірден есептеледі. Қызметкерлерге — Telegram бот.

Жастар ұйымының платформасы

Jana Jas Turkiler

Тіркелу мен қабылдау, спикерлер, даму пакеттері. Ішінде қатысушы кабинеті мен CRM.

WhatsApp CRM және рассылка

JJT CRM

WhatsApp-қа жазған әр адамға бот сұрақ қояды, AI жауаптарды тексереді, лидтер менеджерлерге кезекпен бөлінеді. Шаблонмен жаппай рассылка.

AgriTech платформа

Orda Agro

Фермерлерге арналған платформа: не егу керек, аймаққа сай ұсыныстар, нарық бағасы, маркетплейс.

Автовокзал жүйесі

Сапаржай

Автовокзал платформасы: жолаушы билетті сайттан алады, кассир мен диспетчер жұмыс орнында сатады, отырғызады, есеп шығарады. Ескі 1С-тің орнына.

QR-мәзір және POS

FOXidrinks мәзір және касса

Қонақ QR-кодпен телефоннан тапсырыс береді, кассир желінің өз кассасында сатады. Смена бойынша чектер, купондар мен акциялар, иесіне аналитика.

menu.foxidrinks.kz
Bugin Holding HR

HR және рекрутинг жүйесі

Bugin Holding HR

Bugin Holding-тің ішкі HR және рекрутинг жүйесі: тимлид қызметкерге заявка береді, админ тексереді, директор WhatsApp арқылы растайды, HR тағайындалады, ал үміткерлер канбан бойынша жалдағанға дейін жүреді. Әр оқиға Telegram тобына түседі, заявканы қабылдау мен HR тағайындауды тікелей Telegram-нан жасауға болады.

  • «Үміткер портреті» бар заявка: жалақы, KPI, дағдылар — директор WhatsApp сілтемесімен растайды
  • Өтінімдер канбаны: 9 кезең, сүйреп жылжыту, сұхбат уақыты, заявкаға сәйкестік пайызы
  • Үміткерлер базасы: қайталануды табу, көздер, WhatsApp арқылы шақыру
  • hh.kz: вакансия жариялау, откликтерді жинау, вакансия мәтінін OpenAI жазады
  • Аналитика: заявканы жабу уақыты, үміткерлер воронкасы, бас тарту себептері
  • Telegram лог-тобы: заявканы қабылдау мен HR тағайындау — батырмамен
  • ERP-мен қызметкерлерді екі жақты синхрондау

LaravelMySQLhh.kz APIWhatsApp Cloud APITelegram Bot APIOpenAI

Демодағы адамдар мен деректердің бәрі ойдан алынған.

FOXidrinks AI-агенті

WhatsApp-тағы AI сатушы

FOXidrinks AI-агенті

FOXidrinks франшизасына арналған WhatsApp сатушы және CRM. Адам Instagram жарнамасын басып WhatsApp-қа жазады, AI оны сату сценарийі бойынша алып жүреді: қала, баға, қаржы мен мерзім, видео, тәжірибе, презентация, қоңырау. Әр лид канбанда өз бағанына өзі түседі, менеджер тек дайын тұрғандарға қоңырау шалады.

  • AI WhatsApp-та клиент тілінде жауап береді, дауыстық хабарды да түсінеді
  • Презентация, мәзір, халал сертификаты мен видеоларды өзі жібереді
  • Лидтерді канбанға бөліп, менеджерге қысқа қорытынды жазады
  • «Кімге бірінші қоңырау шалу керек» — ыстық/суық белгісі
  • Менеджерге Telegram-да карточка, еске салу және күнделікті дайджест
  • Үнсіз қалғандарға еске салу, воронка кезеңдері бойынша рассылка
  • Жарнама есебі: қай креатив лид әкелді, шығын теңгемен

LaravelLivewireOpenAIWhatsApp Cloud APIMeta Marketing APITelegram Bot API

Демодағы адамдар мен деректердің бәрі ойдан алынған.

Sheber ERP

ERP және Telegram бот

Sheber ERP

Білім беру компаниясына арналған ішкі ERP: сатушы сатылымды енгізеді — банк пайызы, таза сома, жалақы мен салық бірден есептеледі. Басшы айлық көрсеткіштерді панельден көреді, ал қызметкерлер тапсырмалар мен жалақы туралы хабарды Telegram ботынан алады.

  • Сатылым енгізгенде банк пайызы, таза сома, жалақы мен салық бірден есептеледі
  • Айлық басқару панелі: сатылым, таза пайда, жарнама шығыны, сатушылар рейтингі
  • Жалақы ведомосы: қызметкер «Келісемін» деп растайды не себебін жазып дауласады
  • Кіріс-шығыс, қайтарымдар, жарнамадағы лид құны мен ROAS
  • Тапсырмалар тақтасы және компания хабарламалары — кім оқығаны көрінеді
  • Telegram бот: жаңа тапсырма, дедлайн, жалақы туралы ескерту, компанияға аноним хат

Next.jsReactPrismaTelegram Bot API

Демодағы адамдар мен деректердің бәрі ойдан алынған.

JJT CRM

WhatsApp CRM және рассылка

JJT CRM

JJT жастар қауымдастығының қабылдау жүйесі. WhatsApp-қа келген әр хабарлама CRM-ге түседі: бот кіріспе сұрақтарды қояды, OpenAI әр жауапты тексереді, сосын лид келесі менеджерге беріледі. Әкімші воронканы, Meta бекіткен шаблондармен жаппай рассылканы және аналитиканы бір жерден басқарады.

  • WhatsApp Cloud API: чат, 24 сағаттық терезе, жеткізілу белгілері
  • Скрининг-бот: AI жауапты тексереді, тақырыптан тыс сұрақты менеджерге бағыттайды
  • Лидтер менеджерлерге кезекпен бөлінеді, әркім тек өз лидтерін көреді
  • Воронка: 11 кезең, сүйреп жылжыту, кезеңдер тарихы
  • Рассылка: Meta шаблондары, әр хабарда адамның аты, кідіріспен жіберу, қателер есебі
  • Төлем туралы автоматты еске салу: 1, 3 және 7-күні
  • Аналитика: воронка, ең көп адам түсіп қалатын кезең, менеджерлердің жауап жылдамдығы

LaravelLivewireWhatsApp Cloud APIOpenAITelegram Bot API

Демодағы адамдар мен деректердің бәрі ойдан алынған.

Сапаржай

Автовокзал жүйесі

Сапаржай

Астанадағы автовокзалдың веб-платформасы: қазақша және орысша билет сататын сайт пен кассирге, диспетчерге, бухгалтер мен басшыға арналған жұмыс орны (АРМ). Ескі 1С жүйесінің орнына келеді.

  • Касса: орындар картасы, ЖСН бойынша сату, аты-жөні мен телефоны тізілімнен өзі толады
  • Жеңілдіктер, ақылы багаж, қолма-қол не Kaspi, кассалық ауысымдар
  • Сайттан билет алу: рейс іздеу, орын таңдау, онлайн қайтару
  • Диспетчер: отырғызу ведомосы, рейсті жөнелту не тоқтату
  • Билет: 57 мм термобасып шығару және QR-коды бар PDF
  • Тасымалдаушылармен есеп айырысу, Excel/PDF-ке 14 есеп
  • 7 рөл және әрекеттер журналы

LaravelFilamentLivewireMySQL

Демодағы адамдар мен деректердің бәрі ойдан алынған.

FOXidrinks мәзір және касса

QR-мәзір және POS

FOXidrinks мәзір және касса

FOXidrinks франшиза желісінің өз тапсырыс және касса жүйесі. Қонақ нүктедегі QR-кодты сканерлеп, қазақша не орысша мәзірден тапсырыс береді, тапсырыс бірден кассаға түседі. Кассир толық экранды кассада сатады, әр франшиза иесі өз нүктесін басқарады, ал бас кеңсе бүкіл желіні көреді.

  • QR-мәзір: бүкіл мәзір бір бетте, екі көлем, себет, тапсырыс күйі — қазақша және орысша
  • Өз кассасы: фотосы бар тауарлар, көлем таңдау, қолма-қол не карта, қайтым
  • Чектер смена бойынша нөмірленеді, X/Z есеп, инкассация, кассадағы айырма
  • Әр франшизаның өз купондары мен акциялары
  • Екі принтер: клиент чегі және ақшасыз көшірме
  • QR-тапсырыстар кассаның төменгі жолағына түседі
  • Иесіне аналитика: сатылым, пайда, фудкост, қойма қалдығы

LaravelFilamentLivewireAlpine.jsGSAPElectron

Демодағы адамдар мен деректердің бәрі ойдан алынған.

Қызметтер мен бағалар

Көрсетілген — бастапқы баға. Нақты сома тапсырмаға байланысты, ал кеңес тегін.

  • Жеке дизайн
  • Қазақша және орысша
  • Өтінім формасы және WhatsApp
  • Телефонға бейімделген
  • Яндекс Метрика, Meta Pixel
  • 5–15 бет
  • Өзіңіз өңдейтін әкімші панелі
  • SEO негізі
  • Екі тіл
  • Каталог және сүзгілер
  • Kaspi және карта арқылы төлем
  • Тапсырыстар Telegram-ға
  • Қойма қалдығы
  • Сатылым және клиенттер базасы
  • Қызметкер рөлдері
  • Тапсырмалар мен ескертулер
  • Telegram бот пен Mini App
  • Есептер мен аналитика
  • 24/7 жауап
  • Бағаларыңыз бен шарттарыңызды біледі
  • Лидтерді CRM-ге жазады
  • Менеджер кез келген сәтте араласа алады
  • Мәзір мен батырмалар
  • Mini App (бот ішіндегі қосымша)
  • Сайтпен және CRM-мен байланыс

Сайт — бұл тек бастама. Әрі қарай не болады?

Сайтқа келген клиент жолда жоғалып кетпеуі керек. Сондықтан біз сайтты оны қабылдайтын жүйемен бірге жасаймыз.

Өтінім CRM-ге түседі

Әр клиент базада: кім жазды, не сұрады, кім жауап берді. Ешкім ұмытылмайды.

AI сатушы түнде де жауап береді

Бағаңыз бен шарттарыңызды біледі, WhatsApp-та клиентпен сөйлесіп, оны төлемге дейін жеткізеді.

Команда бәрін Telegram-нан көреді

Жаңа өтінім, тапсырма, күнделікті есеп — бот арқылы телефонға бірден келеді.

Қай жарнама сатқаны көрінеді

Meta жарнамасы, сайт трафигі және сатылым — бір есепте. Әр теңгенің қайда кеткені анық көрінеді.

Қалай жасаймыз

  1. 01

    Танысу

    15 минуттық қоңырау не WhatsApp-та хат алмасу. Бизнесіңізді, клиентіңізді және мақсатыңызды түсінеміз.

  2. 02

    Құрылым және дизайн

    Беттің құрылымы мен мәтінін жазамыз, дизайнды сізбен бірге бекітеміз.

  3. 03

    Әзірлеу

    Сайт пен жүйені жасаймыз. Әр кезеңде жұмыс нұсқасын көрсетеміз.

  4. 04

    Іске қосу

    Домен, SSL, аналитика, WhatsApp пен CRM байланысы — бәрін өзіміз қосамыз.

  5. 05

    Қолдау

    Серверді тәулік бойы бақылаймыз: сайтта ақау болса, ол туралы бірінші біз білеміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сайттар (лендинг, корпоративтік сайт, интернет-дүкен), CRM/ERP жүйелері, WhatsApp-тағы AI сатушы және Telegram боттар. Бәрін бір команда жасайды және бір-бірімен байланыстырады.

Бастапқы бағалар «Қызметтер мен бағалар» бөлімінде көрсетілген. Нақты сома тапсырмаға байланысты — кеңес тегін, қоңыраудан кейін бағасы мен мерзімін айтамыз.

Әр қызметтің мерзімі бағасының жанында жазылған. Әр кезеңде жұмыс нұсқасын көрсетеміз, сондықтан процесс сізге ашық.

Жоқ. Кеңсеміз Алматыда, бірақ бүкіл Қазақстан бойынша онлайн жұмыс істейміз: Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе және басқа қалалар.

Иә. Сайтты іздеу жүйелеріне дайындап шығарамыз: жылдам жүктелу, мобильді нұсқа, meta-тегтер, sitemap, Яндекс.Метрика және Google Search Console қосылады.

Иә, қазақша және орысша жасаймыз. Қажет болса ағылшынша нұсқасын да қосамыз.

Серверді тәулік бойы бақылаймыз, өзгерістер мен жаңартуларды өзіміз енгіземіз. Өтінімдер CRM-ге және Telegram-ға бірден түседі.

Жобаңызды айтыңыз

Не керек екенін қысқаша жазыңыз. Қай шешім тиімді, қанша тұрады және қанша уақытта дайын болады — бәрін айтып береміз.

Алматы, Қазақстан

Нөміріңізді тек сізбен байланысу үшін қолданамыз.