Бизнеске арнап Telegram бот және Mini App жасаймыз

Telegram бот — клиенттер тапсырыс беретін, жазылатын не команда есеп алатын автоматты көмекші. Mini App — Telegram ішінде ашылатын толыққанды қосымша: оны жүктеудің қажеті жоқ.

Бағасы
49 990 ₸-ден
Мерзімі
5 күннен

Кімге керек

  • Кафе, мейрамхана, дүкен — тапсырыс қабылдау
  • Сұлулық салоны, клиника, курс — жазылу
  • Команда — тапсырма мен күнделікті есеп
  • Қосымша жасатқысы келіп, бюджеті шектеулі бизнес

Не кіреді

01

Мәзір және батырмалар

Клиент бірнеше басумен тапсырыс береді не жазылады.

02

Mini App

Telegram ішіндегі қосымша: каталог, себет, жазылу күнтізбесі.

03

Төлем

Тапсырысты боттың ішінде төлеу мүмкіндігі.

04

Сайт пен CRM байланысы

Боттағы тапсырыс сайт пен CRM-де бірден көрінеді.

05

Хабарламалар

Клиентке тапсырыс статусы, командаға жаңа өтінім туралы хабар.

06

Админ панель

Мәзір, баға мен хабарламаларды өзіңіз өзгертесіз.

Неге Ainhouse

Қазақстанда Telegram-ды миллиондаған адам күнде ашады. Бот арқылы клиент сайтқа кірмей-ақ, қосымша жүктемей-ақ тапсырыс береді — бұл сатылымға дейінгі жолды қысқартады.

Боттарды команда ішінде де қолданамыз: жаңа өтінім, тапсырма, күнделікті есеп басшының телефонына бірден келеді.

Жасаған жұмыстарымыз

Барлық жұмыстар

HR және рекрутинг жүйесі

Bugin Holding HR

ERP және Telegram бот

Sheber ERP

Bugin Holding HR

HR және рекрутинг жүйесі

Bugin Holding HR

Bugin Holding-тің ішкі HR және рекрутинг жүйесі: тимлид қызметкерге заявка береді, админ тексереді, директор WhatsApp арқылы растайды, HR тағайындалады, ал үміткерлер канбан бойынша жалдағанға дейін жүреді. Әр оқиға Telegram тобына түседі, заявканы қабылдау мен HR тағайындауды тікелей Telegram-нан жасауға болады.

  • «Үміткер портреті» бар заявка: жалақы, KPI, дағдылар — директор WhatsApp сілтемесімен растайды
  • Өтінімдер канбаны: 9 кезең, сүйреп жылжыту, сұхбат уақыты, заявкаға сәйкестік пайызы
  • Үміткерлер базасы: қайталануды табу, көздер, WhatsApp арқылы шақыру
  • hh.kz: вакансия жариялау, откликтерді жинау, вакансия мәтінін OpenAI жазады
  • Аналитика: заявканы жабу уақыты, үміткерлер воронкасы, бас тарту себептері
  • Telegram лог-тобы: заявканы қабылдау мен HR тағайындау — батырмамен
  • ERP-мен қызметкерлерді екі жақты синхрондау

LaravelMySQLhh.kz APIWhatsApp Cloud APITelegram Bot APIOpenAI

WhatsApp

Демодағы адамдар мен деректердің бәрі ойдан алынған.

Sheber ERP

ERP және Telegram бот

Sheber ERP

Білім беру компаниясына арналған ішкі ERP: сатушы сатылымды енгізеді — банк пайызы, таза сома, жалақы мен салық бірден есептеледі. Басшы айлық көрсеткіштерді панельден көреді, ал қызметкерлер тапсырмалар мен жалақы туралы хабарды Telegram ботынан алады.

  • Сатылым енгізгенде банк пайызы, таза сома, жалақы мен салық бірден есептеледі
  • Айлық басқару панелі: сатылым, таза пайда, жарнама шығыны, сатушылар рейтингі
  • Жалақы ведомосы: қызметкер «Келісемін» деп растайды не себебін жазып дауласады
  • Кіріс-шығыс, қайтарымдар, жарнамадағы лид құны мен ROAS
  • Тапсырмалар тақтасы және компания хабарламалары — кім оқығаны көрінеді
  • Telegram бот: жаңа тапсырма, дедлайн, жалақы туралы ескерту, компанияға аноним хат

Next.jsReactPrismaTelegram Bot API

WhatsApp

Демодағы адамдар мен деректердің бәрі ойдан алынған.

Қалай жасаймыз

  1. 01

    Танысу

    15 минуттық қоңырау не WhatsApp-та хат алмасу. Бизнесіңізді, клиентіңізді және мақсатыңызды түсінеміз.

  2. 02

    Құрылым және дизайн

    Беттің құрылымы мен мәтінін жазамыз, дизайнды сізбен бірге бекітеміз.

  3. 03

    Әзірлеу

    Сайт пен жүйені жасаймыз. Әр кезеңде жұмыс нұсқасын көрсетеміз.

  4. 04

    Іске қосу

    Домен, SSL, аналитика, WhatsApp пен CRM байланысы — бәрін өзіміз қосамыз.

  5. 05

    Қолдау

    Серверді тәулік бойы бақылаймыз: сайтта ақау болса, ол туралы бірінші біз білеміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

49 990 ₸-ден басталады. Mini App, төлем және CRM интеграциясы бағаны өзгертеді.

Бот — хабарлама мен батырмалар арқылы жұмыс істейді. Mini App — Telegram ішінде ашылатын толық интерфейсі бар қосымша (каталог, себет, күнтізбе).

Қарапайым бот әдетте 5 күннен бастап, Mini App-пен — ұзағырақ.

Иә, бот, сайт және CRM бір деректермен жұмыс істейді.

Бағасы мен мерзімін нақтылайық

Не керек екенін қысқаша жазыңыз. Қай шешім тиімді, қанша тұрады және қанша уақытта дайын болады — бәрін айтып береміз.

WhatsApp-қа жазу

не форманы толтырыңыз

Алматы, Қазақстан

Нөміріңізді тек сізбен байланысу үшін қолданамыз.